Цемент деген не – Цемент — Уикипедия

Содержание

Цемент — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Цемент зауыты

Цeмент (нем. Zement, лат. Caementum — ұсақталған тас, қиыршық тас) — гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгі құрылыс материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы; гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобының жалпы атауы.[1]

Цeмент сумен араласқанда қатаятын қасиеті бар (яғни қамыр тәрізді пластик. күйден қатты күйге ауысатын) кальций силикаты мен кальций алюминатынан құралады. Цeмент тің кейбір түрі ауада қатаяды. Ал, енді бір түрлері тек тұздардың, қышқылдардың судағы ерітіндісімен араластырғанда ғана байланыстырғыштық қасиетке ие болады. Оның портландцемент, қожды және пуццолан Цeмент деп аталатын түрлері бар. Цeмент тің көп тараған түрінің бірі — портландцемент. Ол негізінен жоғары негізді кальций силикатынан тұрады. Төм. негізді кальций алюминатынан алюминатты Цeмент өндіріледі. Цементтің шикізат клинкері мен домналық қождан қожпортландцемент, пуццолан Цeмент, т.б. дайындалады. Цeментті пайдалану үшін, оны алдымен сумен араластырып, цементтік қамыр (

ерітінді) дайындайды. Цементтік қамырды құммен, т.б. араластырып, құрылыстық ерітінділер, ал оған қиыршық және уақ тас, т.б. қосу арқылы бетон дайындалады. Кейде асбест қосып асбест цементті бұйым, ағаш жаңқаларын қосу арқылы фибролит жасалады. Арнаулы зауыттарда минералды шикізатты ұсату, араластыру, майдалау, күйдіру арқылы цементтік клинкер алынады. Цeменттің сапасы маркамен сипатталады.[2]

Цементтің маркалары: 200, 300, 400, 500, 600.

Сонымен бірге Цeменттің тез бірігуі мен қатаюы, майдалығы, т.б. белгілі бір стандартқа сәйкес болуы шарт. Цeмент құрылыста біртұтас және құрама бетон мен темір-бетон дайындауда пайдаланылады. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалғыз Шу цемент з-ты ғана болды. Кейін Састөбе (1952 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы), Қарағанды (1953 жыл), Шымкент (1958 жыл), Семей (1958 жыл) және Өскемен (1961 жыл) цемент зауыттары іске қосылды. Цемент өндірісін дамыту және қолдану мәселелерін шешуде қазақстандық ғалымдар: Г. Аяпов, Б.Пәрімбетов, Ә.Сәдуақасов, Ғ.Батырбаев, М.П.Сытин, И.Г. Лугин, т.б. көп еңбек сіңірді.

[3]

Қазақстандағы цемент өнеркәсібі[өңдеу]

Қазақстанда Ұлы Отан соғысынан кейінгі бесжылдықтарда қалыптасты. Қазақстандағы жылдық қуаты 70 мың Вольт болатын тұңғыш Шымкент облысында орналасқан Састөбе цемент зауыты 1952 жылы өз жұмысын бастады. Қазақстан цемент өндіру көлемі жағынан Украинадан кейінгі жетекші орындарды алады. Цемент өндірісінің бұлай өсу көлеміне қарай оның түрлері де елімізде көбейе бастаған. Цементтің құрылыс өндірісінің арнайы талаптарына сәйкес келетін бірқатар жаңа түрлері өндіріле бастады. Соның ішінде Портландцемент өндіру және оның жаңа технологиясы танымал болды. Портдландцемент гидротехникалық және жерасты құрылыстарына арналған, сульфатқа төзімді жоғары сапалы цемент және тез қатады.[4]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
  2. ↑ Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша т

kk.wikipedia.org

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент

1756 жылы ағылшын инженері Джон Цмитон цементті ойлап тапты. Цементтің бірігуі мен қатаюы, майдалығы жағынан оған жетер құрылыс материалы әлі тапқырланған жоқ. Бүгінгі өнеркәсіптену мен қалалану үрдісі жоғары қарқында жүріп жатқан кезеңде оның алатын орны ерекше болмақ.

Адамдар ерте тарихта әктасын өртеп збош жасап, құрылыс материалы ретінде пайдаланған. Збошқа су құйған соң химиялық реакциясы жүріліп біткен соң, ол піскен збошқа айналады. Сумен илеген соң, тас немесе кірпіштің бетіне жаққанда біріктіру рөлін атқарады.

Міне, бұл – ертедегі цемент.

1756 жылы ағылшын бұғазындағы сол кездегі Англия бойынша үшінші орында тұратын Эдисон маяк мұнарасы өртеніп, құлайды. Ол арадан өткен кемелер бағдар сілтегішінен айрылып, Англияның теңіз тасымал ісіне үлкен ықпал жасайды. Сонымен Англия үкіметі Джон Цмитонға жаңа маяк мұнарасын салу міндетін бұйырады.

Дауыл соғып, толық ұрған теңізде құрылыс салу үшін, сөз жоқ құрылыстың беріктігіне кепілдік ету керек. Джон Цмитон сол кездегі ең сапалы Италия әктасын өртеп збош жасамақ болады. Алайда, түрлі себептермен алыстан алдырған әктастар сапасыз болып, құрылыс жұмыстарын бастауға аз ғана уақыт қалғандықтан, Цмитон қайтадан әктасын әкелуге үлгермейді де, жұмысшыларға қолда бар әктастарды өртеп, құрылысты бастай бермек болады. Ойламаған жерден, осы сапасыз деген әктасынан өртеп алынған збоштың сапасы сапалы ақ әктастан әлдеқайда жақсы болып шығады. Онымен араластырылған цемент (Рим құрылысшылары өртелген әктасты істеткенде оған құм қосып илейтін,

осындай түр сол дәуірде цемент деп аталған) қатқан соң, оны шой балғаның өзі шаға алмайтын болған. Цмитон салыстыра зерттеу арқылы, осы қара әктастың ақ әктасқа қарағанда құрамындағы сағыз топырақ құрамы 6-20% артық екенін, мұның берік болуы сол сағыз топырақтың қызметі екенін біледі. Сонымен, сағыз топырақ қосып өртелген збош құрылысқа кеңінен қолданылады. Осы материалмен салынған Эдисон маяк мұнарасы боран-шашында жүзнеше жыл бой созып тұрды.

Құрылыс біткен соң, Цмитон цементке тынбай зерттеу жүргізіп, цементтің сапасы барған сайын жақсарып, ол цемент өнертабысының іргетасын қалаушы болып танылды.

Цемент өндірістің өнеркәсіптенуіне ілесе жарыққа шығып, бүкіл дүниеге жалпыласты. Цемент пен болат материалдарынан жасалған сіріңке қорабы тәрізді ғимараттар мен зауыт цехтары, тұңғыш рет әртүрлі ұлттардың дәстүр шектемесіндегі әлемді бұзып, дүниежүзілік сипаттағы құрылыс формасын өмірге әкелді. Болатты бетонның тапқырлануына ілесе басқа да құрылыс материалдары, құрылыс машиналары өндіріліп, құрылыс кәсібі бұдан былай қарапайым өнеркәсіптік ірі өндіріс болып қана қалмастан, қайта біздің күнделікті тұрмысымызбен тығыз қатысы бар көркемөнерге айналды.

1848 жылы цементке деген күн сайын арта түскен қажеттілікті қанағаттандыру үшін Англияның Кент штатында дүниедегі тұңғыш цемент құмданын құрды. Кейін, ағылшын инженері Фридих Рансон айналмалы құмданды тапқырлап, цемент өндірісі сапалы, әрі, жоғары өнімділікке жетіп, цемент өндірісі ірі өнеркәсіптік өндіріске қадам басты. 2003 жылы бүкіл әлемде жылдық цемент өндіру мөлшері бір миллиард тоннадан асты. Жапондар 1963 жылы Батыс Германияда тапқырлаған көп мөлшердегі жылуды үнемдей алатын қалқымалы жылытқыш арқылы кептіру өнерін өндіріске енгізіп, цемент өндірудегі сарып болатын энергияның жартысын үнемдеп, өнім мөлшерін зор дәрежеде жоғарылатып, әрбір цемент жұмысшысы жылына өндіретін цементі 32400 тоннаға жетіп, ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында Жапония дүниедегі цемент өндіретін ірі елдер қатарына енді.

Ал, Қазақ елінде цемент өндірісі Қазан төңкерісіне дейін жалғыз Шу цемент зауытында ғана болды. Кейін Састөбе (1952, Оңтүстік Қазақстан облысы), Қарағанды (1953), Шымкент (1958), Семей (1958) және Өскемен (1961) цемент зауыттары іске қосылды.

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: junkmail.co.za, gazeta.kz

massaget.kz

Цемент

TR | RU | UK | BE | EN |
цемент, цемент цена
Цeмент (нем. Zement, лат. Caementum — ұсақталған тас, қиыршық тас) — гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгі құрылыс материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы; гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобының жалпы атауы.

Цeмент сумен араласқанда қатаятын қасиеті бар (яғни қамыр тәрізді пластик. күйден қатты күйге ауысатын) кальций силикаты мен кальций алюминатынан құралады. Цeмент тің кейбір түрі ауада қатаяды. Ал, енді бір түрлері тек тұздардың, қышқылдардың судағы ерітіндісімен араластырғанда ғана байланыстырғыштық қасиетке ие болады. Оның портландцемент, қожды және пуццолан Цeмент деп аталатын түрлері бар. Цeмент тің көп тараған түрінің бірі — портландцемент. Ол негізінен жоғары негізді кальций силикатынан тұрады. Төм. негізді кальций алюминатынан алюминатты Цeмент өндіріледі. Цементтің шикізат клинкері мен домналық қождан қожпортландцемент, пуццолан Цeмент, т.б. дайындалады. Цeментті пайдалану үшін, оны алдымен сумен араластырып, цементтік қамыр (ерітінді) дайындайды. Цементтік қамырды құммен, т.б. араластырып, құрылыстық ерітінділер, ал оған қиыршық және уақ тас, т.б. қосу арқылы бетон дайындалады. Кейде асбест қосып асбест цементті бұйым, ағаш жаңқаларын қосу арқылы фибролит жасалады. Арнаулы зауыттарда минералды шикізатты ұсату, араластыру, майдалау, күйдіру арқылы цементтік клинкер алынады. Цeменттің сапасы маркамен сипатталады.

Оның маркалары :

Сонымен бірге Цeменттің тез бірігуі мен қатаюы, майдалығы, т.б. белгілі бір стандартқа сәйкес болуы шарт. Цeмент құрылыста біртұтас және құрама бетон мен темір-бетон дайындауда пайдаланылады. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалғыз Шу цемент з-ты ғана болды. Кейін Састөбе (1952, Оңтүстік Қазақстан облысы), Қарағанды (1953), Шымкент (1958), Семей (1958) және Өскемен (1961) цемент з-ттары іске қосылды. Цемент өндірісін дамыту және қолдану мәселелерін шешуде қазақстандық ғалымдар:

  • ґ.Аяпов,
  • Б.Пәрімбетов,
  • Ә.Сәдуақасов,
  • Ғ.Батырбаев,
  • М.П. Сытин,
  • И.Г. Лугин, т.б. көп еңбек сіңірді.

Дереккөздер

  1. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
  2. ↑ Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  3. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

цемент, цемент в алматы, цемент зарна, цемент минск, цемент цена, цемент үнэ, цементарница усје, цементийн үйлдвэр, цементно-песчаная смесь, цементэн хавтан


Цемент Туралы Ақпарат




Цемент Пікірлер туралы

Цемент
Цемент
Цемент Сіз қарап жатырсыз субъектісі

Цемент бұл, Цемент кім, Цемент сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

www.turkaramamotoru.com

Құрғақ әдісте цемент алу — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Портландцемент өндірудің технологиялық үрдісі келесі негізгі операциялардан тұрады: 1. Шикізат материалдарының карьерде өндіріліп, зауытқа жеткізілуі. 2. Шикізат қоспасын дайындау, түзету және реттеу. 3. Біртекті шикізат ұнын алу. 4. Шикізатты күйдіріп клинкер алу. 5. Клинкерді қоймаларда сақтау. 6. Гипс және активті қоспалармен клинкерді ұнтақтау, (ұнтақтау нәтижесінде «Цемент» пайда болады). 7. Цементті силостарда сақтау және тұтынушыларға жіберу. Операцияларды жүзеге асыруда «құрғақ», «ылғал» сонымен қатар, сирек қолданылатын «аралас» әдістер қолданылады. Құрғақ әдісте әктас екі сатылы ұсақтаудан өтеді, яғни алдымен жақты 1, сосын балғалы 2 уатқышта. Саз білікті 3 уатқышта майдаланады. Сосын әктас, саз және реттеуші қоспалар 4 бункерлерге түсіп, 5 мөлшерлегіштер арқылы ұнтақтау мен кептіру процесі бірге жүретін тік диірменге 6 жіберіледі. Кептіргіш агенттер ретінде жылу алмастырғыштардан түсетін түтіндік газдар болып табылады. Түтіндік газдармен майдаланған шаңды материал 7 электірлі сүзгіге жіберіледі. Тазартылған ауа 8 ауа сорғыш арқылы 9 мұнаралы құбырдан кеңістікке шығады. Ұнтақ аэрожелоб арқылы 10 силостарға жіберіледі. Силостағы гомогендеу процесінің нәтижесінде шикізат ұнтағы пайда болады. Дайын өнім, 11 циклонды жылуалмастырғыштың III – және IV – деңгейі арасында газ жүретін жерге беріледі. Шикізат ұны біртіндеп циклонды жылуалмастырғыштың барлық деңгейінен өтеді, материялдың температурасы барлық циклонды жылуалмастырғыштардан өтіп пешке түсерге дейін 750 – 8500С-ға дейін қыздырылады, сонымен қатар 20-25% декарбонизацияланады және жоспарсыз айналмалы пешке 12 түседі. Пешке отын ретінде көмірді пайдаланады. Қоймадағы көмірді тік диірмен 13 арқылы ұнтақтайды және 14 жеңді сүзгіден өтеді аза ауа ауасорғыш 15 арқылы кеңістікке шығарылады, ал ұнтақталған көмір 16 бункерге түсіп 17 мөлшерлегіш арқылы пеште отын ретінде жағылады. Шикізатты 1200-1300°С температурада күйдіру нәтижесінде пеште клинкер пайда болады, пештен шыққан клинкер 50 – 800С дейін колосникті итергіш (переталкивающий) 18 салқындатқышта 19 желдеткіштердің көмегімен суытады және балғалы уатқышта 20 майдаланып 24 силосқа жеткізіледі. Силостағы клинкерді жартылай өнім ретінде сатылымға шығаруға да болады. Салқындатқыштан шыққан шаңды ауа 21 электрлі сүзгіден өтіп тазартылған ауа 22 ауа сорғышпен сорылып 23 мұнаралы құбыр арқылы кеңістікке жіберіледі. Сүзгіде жинақталған клинкер шаңы да 24 силосқа жеткізіледі. Қоймаларда гипс және активті минералды қоспалар сақталады. Силостан клинкер және қоспалар 25 бункерлерге түсіп 26 мөлшерлегіштермен мөлшерленіп шарлы диірменге 27 ұнтақтау үшін беріледі. Шарлы диірмен жабық циклде айығышпен 28 жұмыс істейді. Майдаланған материал диірменнен аэрожелоб арқылы айырғышқа түседі, ал цемент шаңы жеңді сүзгіден 29 өтіп тазартылған ауа 30 ауасорғыш арқылы кеңістікке шығарылады, сүзгіде ұсталған цемент қайтадан айырғышқа бағытталады. Мұнда цементтің жіктелуі жүреді. Түйіршіктер қайта майдалауға қайтарылады, ал дайын өнім аэрожелоб арқылы силосқа 31 үрлеу арқылы жіберіледі, ол жерде дайын өнімді тұтынушыларға жүктейді.

kk.wikipedia.org

Силикат өнеркәсібі — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Табиғи силикаттар мен алюмосиликаттар силикат өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып саналады. оның басты салалары: шыны, цемент, бетон, қыш өндірістері.

силикат өнеркәсібі

Шыны өндірісі[өңдеу]

Шыны өндірісі адамға өте ертеден белгілі. Шыны деп натрий мен калий силикатының артық мөлшердегі кремнеземмен аморфты мөлдір құймасын айтады. Әдетте, кәдімгі терезе шынысын даярлау үшін шикізат ретінде әктас СаСО3, сода Na2CO3 және құм SiO2 алынады. Осы заттарды айрықша пеште 1400оС-та балқытуды шыны қайнату деп атайды. Бұл процестің негізгі силикаттарға айналуы: СаСО3+SiO2=CaSiO3+CO2 Na2CO3+SiO2=NaSiO3+CO2

Шынының құрамы өте күрделі, сондықтан кәдімгі шыныны мынадай формуламен өрнектейді: Na2O*CaO*6SiO2 Ал осы кәдімгі шыныны алу реакциясының теңдеуі: Na2CO3+CaCO3+6SiO2=Na2O*CaO*6SiO+2CO2

Шыны өндіретін зауыттар Алматыда, Таразда, Ақтөбеде бар. Шыны іс жүзінде суда ерімейді. Бірақ шыны ұнтағын сумен қосып жақсылап араластырған соң 1-2 тамшы фенолфталейн тамызған соң, ерітінді таңқурай түске боялады. Ол натрий силикаты Na2SiO3гидролизденгенде сілтілік орта түзілетінін көрсетеді. Отқа төзімді шыны алу үшін соданың орнына сақарды К2СО3 пайдаланады. Ондай шыныдан ыдыстар мен құралдар даярлайды.Ерекше отқа төзімді химиялық ыдыстар жасау үшін ақ құмның біраз бөлігін бор(III) оксидімен В2О3 ауыстырады, сонда боросиликатты шыны алынады.

Кремнийдиоксидін сақар және қорғасын(II) оксидімен қосып балқытса, Хрусталь деп аталатын ауыр салмақты шыны алынады. Ондай шынының ерекшелігі-жарықты шашыратқыштығы жоғары, сондықтан жылтыр болып көрінеді. Одан оптикалық құралдар және әсем ыдыстар жасалады. Әсемдік беретін шыныдағы тағы бір қасиет- шыныға басқа ауыр металл оксидтерінен шамалы қосса, олардың түстері әртүрлі болады.

Шынының бір кемшілігі- тез сынады. Сондықтан қазіргі кезде ыстыққа төзімді, қатты, химиялық және термохимиялық жағынан берік болып келетін шынылар алынуда. Оған ерекше қайнату әдісімен алынатын шойынның беріктігіне жақын шынылар жатады. Мұндай тез салқындатып салқындатып кристалданғанда алынатын материал ситалл деп аталады.

Силикат өнеркәсібінің маңызды бір өнімі-құрылысқа өте көп пайдаланылатын цемент. Оны алу үшін сазбалшық пен әктасты күйдіреді. Осы кезде кальций карбонаты СаСО3кальций оксиді мен көміртек диоксидіне ыдырайды. Ал негіздік оксид сазбен әрекеттесіп силикат пен кальций алюминатын түзеді. Оны былай жазуға болады: СаО*Al2O3*SiO2.Бұдан алынған қоспаның ұнтағы сұрғылт жасылдау болады, оны силикат-цемент дейді. Әдетте, цемент қоспасы шамамен 25% әктас пен 75% сазбалшықтан тұрады. Цемент құрылыста байланыстырғыш материал ретінде қолданылады. Цементтен, құмнан және судан қоймалжың масса дайындап, оны цемент ерітіндісі дейді. Оны ауада қалдырса, біраз уақыттан соң қатайып, өте күрделі физика-химиялық процесс жүретіндіктен, қатты тас сияқты затқа айналады.

Цемент ерітіндісін қиыршықтаспен араластырса, бетон алынады. Бетон- көпір, бассейн, тұрғын үйлер жасалатын бағалы құрылыс материалы. Бетонға темір өзектен қанқа жасап алып, қатайған соң пайда болатын ерекше берік затты темір-бетон деп атайды.Оны күрделі өндіріс орындарын, үлкен бетон бөгеттер, т.б. ірі құрылыстар салу ісінде кеңінен қолданылады.

Дереккөздер[

kk.wikipedia.org

Бетон — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бетон[1], (французша: bton, лат. bіtumen — тау шайыры), құйматас — жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.

Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 — 2500 кг/м3), жеңіл (1800 — 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.

Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады.

Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.

Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла басталды. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі.

Бетон технологиясы бойынша зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары Қазақстанның Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтында (1965 жылдан Алматы құрылыс материалдары ғылыми-зерттеулер және жобалау институты) басталды.

  • Институтта бетонның суға төзімділігі зерттелді (А.И. Минас).
  • Бетон қоспасының қатаюын тездету, үстеме қоспалар қосудың әдістері табылды (Ө.А. Аяпов).
  • Жеңіл кеуек бетон түрлерін дала шпаты құмдарынан алу технологиясы жасалды (Қ.Қ. Қуатбаев, П.А. Ройзман).
  • Бетон алу жұмыстарында бетон құрамына өндіріс қалдықтарын (шлак, күл, т.б.) қосу арқылы олардың сапасын арттыруға болатындығы анықталды (Ө.А. Аяпов, т.б.). Қазір бетон жасау технологиясын жетілдіру және оның сапасы мен тиімділігін арттыру жөнінен көптеген ғылыми зерттеулер (Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, т.б.) жүргізілуде.[2]

Бетон[3] — гравийдің, қиыршықтастың, малтатастың, қиынды тастың цемент немесе басқадай тұткыр материал ертіндісімен араластырып жасаған, тез қатаятын

kk.wikipedia.org

Қазақстандағы HeidelbergCement компаниясының цемент түрлері

Өнімнің атауы
Белгіленуі 
МСТ
Ескертпе
Минералды қоспалары бар портландцемент
ЦЕМ II/А-Ш 42,5 Н
МСТ 31108-2016
Сериялық өндіріс
ЦЕМ II/А-Ш 32,5 Н
МСТ 31108-2016
Талабы бойынша
ЦЕМ II/А-И 32,5 Н
МСТ 31108-2016
Талабы бойынша
Портландцемент
ЦЕМ I 42,5 Н
МСТ 31108-2016
Сериялық өндіріс
ПЦ 500-Д0
МСТ 10178-85
Сериялық өндіріс
Нормаланған құрамы портландцемент 
ПЦ 500-Д0-Н
МСТ 10178-85
Сериялық өндіріс
Сульфаттөзімді портландцемент 
ЦЕМ I 42,5 Н СС
МСТ 22266-2013
Сериялық өндіріс
Сульфаттөзімді портландцемент төмен сілтілі
ЦЕМ I 42,5 Н СС НЩ
МСТ 22266-2013
Сериялық өндіріс
Композициялық цемент
ЦЕМ V/A (Ш-П) 32,5 Н
МСТ 31108-2016
Талабы бойынша

www.heidelbergcement.kz